Дидар есімді досым бар. Қазақтың қарапайым қара домалақ баласы. Қара болғанда, енді көмірдей. Ерні дүрлиіп, тістері ақсиып американ киноларындағы негірлердей қара. Қала көшелерінде жүргенде көпшілік адамдар оны шетелдікке санайды.
Кеше түс ауа Дидар фотоаппаратына флэш карта алатын болып ТехноДом дүкендер желісіне барғанбыз. Жолшыбай әдетімізге салып немісше гәпіріп келеміз. Әңгімелетіп келіп есігі ысырылып ашылатын дүкенімізге қалай жеткенімізді байқамай қалдық. Дидардан немісшелетіп: Флэшканы қай жерінен көріп едің,-деп сұрағанмын. Қайдан шыққанын білмедім аласа бойлы қазақ қызы: Велком ту, Тейчнодум, – дегені. Шошып кеттім. Қап қалың қасына қарап, әрі акцентіне қарап: Бұл кім, туу, тешнодум, – дегендей болып кетті. Фуу. Өйткен, ағылшының құрысын.